08
қаңтар
2026
«Қыз намысы — ұлт намысы», «Әкенің төріне сенбе, өткен еңбегіне сен» тақырыптарында отбасылық эссе байқауы
2026 жылдың қаңтар айында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында оқушылардың қысқы демалысын тиімді әрі пайдалы ұйымдастыру мақсатында 8-10 сынып оқушылары арасында «Қыз намысы — ұлт намысы», «Әкенің төріне сенбе, өткен еңбегіне сен» тақырыптарында отбасылық эссе байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ананың тәрбиедегі рөлін арттыру, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындыру.
Эсселерде ұлттық тәрбие, ата-ана мен бала арасындағы сенім мен сыйластық, қыз бала тәрбиесі мен ер баланың жауапкершілігі жөнінде терең ойлар қозғалды.
Бұл іс-шара оқушылардың отбасылық құндылықтарға деген көзқарасын нығайтып, рухани-адамгершілік тәрбиесін арттыруға ықпал етті.