19
қаңтар
2024
3-4 сыныптар арасында "Отбасылық таланттар" атты кеш
19.01.2024ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Отбасы - мектеп" жобасы және эксперименталдық алаң жоспарына сай 3-4 сыныптар арасында "Отбасылық таланттар" атты кеш өткізілді. Мақсаты: отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту; бала бойындағы қабілетті, талантты дамытуда ата-ананың рөлінің маңыздылығын көрсету. Кеш барысында әр отбасы өздерін бейнероликтер арқылы таныстырып өтті. Ата-аналар бала тәрбиесіне қатысты жағдаяттарға өз пікірлерін білдірді. Сонымен қатар оқушылар әр бағытта жеткен жетістіктерін атап, өз өнерлерін ортаға салды. Ата-ана тәрбиесін, қолдауын көрген бала болашақта жетістіктерге жететіні анық. Жауапты: 3-4 сынып жетекшілері