17
сәуір
2024
«Отбасылық таланттар» атты отбасылық кеш
«Балалар – мемлекетіміздің болашағының кепілі. Өскелең ұрпақ – ел келешегі, ұлттың жалғасы. Бала болашағының іргетасы мықты болуына, ең алдымен тағылымды тәрбие мен сапалы білім ықпал етеді. Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектептің тәрбие жоспарына сәйкес №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Отбасылық таланттар» атты отбасылық кеш ұйымдастырылды. Отбасылық кешке 6 отбасы қазақ халқының ең керемет өнері - қамшы өру мен ат баптау. Ата-бабамыздан осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Бұл өнер шеберлік, шыдамдылық, жігерлілік қасиеттерді қажет етеді. Ат баптау, қамшы өру дәстүрімізді дәріптейтін отбасы Джумағұловтар отбасы, «Мəдениет пен өнер болған жерде адамзат мəңгілік жасайды» деп неміс ғалымы Эйнштейн айтқандай, бұл өнер ауылында артында қаншама із қалдырып, есімі тарихта алтын əріптермен жазылған Эргашевтар отбасы, ақын елдің мұңы мен зарын жырлаған ақын отбасы Ибраим отбасы, бабадан қалған дәстүрге селкеу түсірмей, күні бүгінге дейін сақтап келе жатқан ұста, шебер Уалиев отбасы, "Терең ойды талап ететін, ойнасаң қызығына тоймайтын халық даналығы қалдырған ойындардың бірі – тоғызқұмалақтың хас шеберлері Нұрмаханбетовтар отбасы, робототехниканы зерттеу оқушылардың болашақта ізденісін одан әрі дамытуына ықпал етеді. Оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалайды және эксперимент жүргізеді, модельдің практикалық қолданылуын іздейді, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтың іргетасын рухани байлықтарымен қалыптастыратын Барменқұловтар отбасы қатысты. Сонымен қатар, Ақарал ауылдық «Нұр» әжелер тобы, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Нұрсұлу Зулпыкарова қатысты. Іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрініспен бастау алып, жоғары деңгейде өткізілді.