2019 жылдың 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы "Айгөлек" лагерінің ашылуы
2019 жылдың 1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күніне орай №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында білім алушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мен еңбек жасауына жағдай жасау, қоршаған ортаны қорғай біліп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектеп жанындағы "Айгөлек" лагерінің ашылуы өткізілді.
Мерекелік іс-шараны мектеп мақтаныштары 2018-2019 оқу жылының 25 "Үздік оқушылары" мен облыстық жас жол инспекторлары байқауының Бас жүлде иегерлері "Жас қыран" тобынан құрылған шеру бастады.
Мектеп басшысы Н.Койшиманова "Жаз-2019" бағдарламасымен таныстырып, жазғы демалыс кезіндегі балалардың танымдық мәдениеті мен спорт және туризмге, өлкетанушылык білім мен біліктері артып, қызығушылығы бойынша үйірмелер жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ, жазғы ауысымда тау бөктерінде, суда шомылу кезінде, өрт қауіпсіздігі бойынша ережелерді қатаң сақтау қажет екенін ескертті. Мерекелік концерт барысында "Аспан әлемі", "Туған жер", "Қазақ жастары" әндері мен балалар биі көпшілік көңілінен шығып, соңы "Жаса, Қазақстан" әуеніне лагерь қатысушылары жалпы флешмоб биімен аяқтады. 1 маусым күнгі іс-шараға 17 білім алушы асфальтка сурет салып, жүлдегерлері марапатталды. Ал көп балалы отбасынан шыққан 8 білім алушыға ауыл азаматтарының демеушілігі тарапынан кеңсе тауарлары мен сыйлықтар үлестірілді.