04
мамыр
2026
9 мамыр – Жеңіс күніне орай тәрбие сағаты
04.05.2026 жылы N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 9 мамыр – Жеңіс күніне орай тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын түсіндіру, ел қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушыларға соғыс жылдарындағы ауыр кезеңдер туралы мәліметтер беріліп, Қазақстаннан шыққан батырлардың ерліктері таныстырылды. Сонымен қатар, оқушылар өлең оқып, Жеңіс күніне арналған ой-пікірлерімен бөлісті.