«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты кездесу кеші
2019 жылдың 21-ші қазанында «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа өнеге» атты Ұлы Отан соғысының ұрпақтарымен кездесу өткізілді.Кездесу мақсаты: Тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу: жеңістің салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып оқушыларды Отанды қорғауға,ерлік істерге тағзым етуге,батыл да батыр, ержүрек болуға үйрету, елін, жерін, Отанын қорғай білуге үйрету.
Бұл кездесуге Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтары Қоңырбаев Әсет, Жұматаева Рысбүбі, Нұралиев Әлихан қонаққа келді. Салтанатты кешімізді ашу үшін мектеп-гимназия директоры Қойшыманова Нурила Сейсенбайқызына берілді.Іс- шараны Шырын Мамасерікованың «Тәуелсіздік ел өрені», Бақытжан Диастың орындауында «Мен қазақпын», Абильмажин Ералының орындауында ән айту,өлең оқумен жалғасты.Ерлік пен еңбек жеңіп шықты дегендей сөз кезегі соғыс ардагерлерінің ұрпақтары: Нұралиев Әлихан ағамызға, Жұматаева Рысбүбі апамызға, Қоңырбаев Әсет ағаларымызға берілді. Жеңіс- біздің тарихымыз, біздің мақтанышымыз «Жеңіс» күні-сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Біз соғыстағы аталарымыздың, әкелеріміздің ерліктерін, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерін ұмытпаймыз деп 10 сынып білім алушыларының орындауында «Жеңіс туы» хорын орындап іс- шараны аяқтады.