12
желтоқсан
2019
"Біз Тəуелсіз ел ұланы, болашаққа үн қосқан" атты "Жас Қыран " ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
2019 жылы желтоқсан айының 12-і күні 16 желтоқсан Тəуелсіздік күніне орай №5 Ақарал ЖББМГ -да Өскелең жас ұрпақтары еліміздің нағыз патриоттары , өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар , білімге құштар, өзін - өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тəрбиелеуді, дəстүрімізді, ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру мақсатында "Біз Тəуелсіз ел ұланы, болашаққа үн қосқан" атты "Жас Қыран " ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді . 2 сыныптың білім алушылары "Жас Қыран" қатарына қосылды.