Бостандығым сенсің –Ұлы жеңісім!!!» атты Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған іс-шара
Бостандығым сенсің –Ұлы жеңісім!!!» атты Ұлы Жеңістің
72 жылдық мерекесіне арналған іс-шара
Өтетін күні, уақыты: 8 мамыр 900 –де
1. Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ардагерлер, аталар, ағалар, әкелер, әжелер!!!
Қаймықпаған қиындықтың жүгінен,
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен,
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
2. Жүргізуші: «Жеңіс» -деген –жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
1. Жүргізуші: Жеңіс күні мұрасың сен батырдан,
Көңілдерді арылтқансың датыңның,
Мөлдір аспан, тыныщ ұйқы сыйлаған.
Айналайын, Ұлы жеңіс атыңнан!!!
Аға –іні үшін қара орман мен қалың ел үшін, мың қиындылықпен сынға түскен, боздақтардың қанымен келген Ұлы Жеңіске 72 –ші жыл!!!
2. Жүргізуші: Қымбатты Ардагерлер! Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған салтанатты митинг ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Құттықтау сөзі беріледі: Ауыл имамы: Құрамаев Бақытжан
Ақарал ауылдық округ әкімі: Мәжиев Бейбіт
Ардагерлер: Қаныбетов Спан ата,
Жармұханбетов Әзім ата
Тылда жұмыс жасаған ақсақал: Шоншабаев Рүстем ата
1. Жүргізуші: Жеңіс күнін адамзат аңсап күткен! Жеңістің туын тіккен күн! 1418 тәулікке созылып азаттық күрестің айбынды күні - Жеңіс күні! Бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кетер ме? Бірақ бұл күн оңайлықпен келген жоқ!
4аә сыныптары тақпақтары мен эссе
2. Жүргізуші: Адамзат тарихында апаттан Жеңіс туын желбіретіп оралған асыл ардагерлерді, тылда күн демей-түн демей еңбек еткен апаларымыз бен ағаларымызды және барлық Ақаралдықтарды құттықтау сөз мектеп директоры Н. Қойшимановаға беріледі.
Асан Ақжұлдыз «Жауынгер қыз Мәншүк» көрініс
1.Жүргізуші: Шын сұрапыл, сол бір дауыл боранның,
Ызғарынан көкірегіне толар мұң,
Ардагерлер сирегенмен өздері,
Қалыңдайды естелігі олардың.
Қазбек Жансая мен Балтабаев Мұқағали жүректен шыққан өлеңдерін оқиды
2.Жүргізуші: Ұрпақпенен мына өмір жалғанатын,
Заңдылық қой несі бар таңданатын,
Жас жауынгер әнекей қабылдауда,
Ата-баба қалдырған аманатын
1.Жүргізуші: Қымбатты Ақаралдықтар құрметті ағайын! Отан үшін жанын қиған боздақтар мен оқ пен оттың, ортасынан жеңіспен оралған азаматтарымыз – соғыс ардагерлерінің бізге берген үлкен сыйы осы өмір. Тағы да барлықтарыңызды Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі Жеңіс мерекесіне арналған салтанатты митингті жабық деп жариялаймыз!
<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:8.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:107%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}