24 сәуір мен 24 мамыр аралығында «Салауатты болашақ – Жастар қолында!» айлығында өткізілген «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы флэшмоб
№5 Ақарал орта мектебі
24 сәуір мен 24 мамыр аралығында «Салауатты болашақ – Жастар қолында!» айлығында өткізілген «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы флэшмоб
17 мамыр күні ДҚТЖО Ғ. Айтбаев пен әлеуметтік педагог М. Алденбаеваның ұйымдастыруымен «Салауатты болашақ – Жастар қолында, біздің қолымызда» атты ұранымен флэшмоб өткізілді. Флэшмобқа мектебіміздің 6 – 7 сынып оқушылары қатысты.
Ғасырдың дертіне айналған, бүгінгі таңның өзекті мәселесі нашақорлыққа бүкіл әлем қарсы күресуде. Сонау Батыс елдерінен Азияға жетіп, Қазақстан жеріне де қадам басқан есірткі дерті талай адамның, әсіресе жастардың өмірін алды. Адамзатты толғандыратын, өмір сүруіне қауіп - қатер әкелетін біздің заманымызда ХХІ ғасырдың дертіне қарсы тұрып,нашақорлықты болдырмау үшін күресте жеңіп шығу – Қазақстанның жас өрендері – біздің парызымыз, - деп бастаған мектеп оқушылары, осы дертке қарсы түрінде өз өлең шумақтарын оқып және «Салауатты болашақ – Жастар қолында, біздің қолымызда!» ұранымен түрлі флэшмоб биледі.