06
қаңтар
2021
"Қазақстан балалары- қысқы ғажайып" қысқы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу
06.01.2021ж. №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы кітапханасында мектеп кітапханашысы Г. Маделиеваның ұйымдастыруымен "Қазақстан балалары- қысқы ғажайып" қысқы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізу, кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу мақсатында 4-6 сынып білім алушыларымен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып "Кітап оқу сәні" атты викториналық ойын өткізілді. Викториналық ойынға қатысқан білім алушылар ll топқа бөлініп, өз білімдерін сынап, бірнеше сұрақтарға жауап беріп, жасырынған мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Викториналық ойынымыздың атынан белгілі болып тұрғандай қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталды.