14
қаңтар
2021
"Қазақстан балалары-қысқы ғажайып" қысқы каникул кезеңінде балалардың демаласын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру
Қысқы каникул кезеңінде балалардың демаласын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру барысында оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру жүйесін дамытуға және жетілдіруге, қиял-ғажайып әлеміне қызығушылық танытып,тілдік қорларын, ойлау дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту үшін бағытталған "Қазақстан балалары-қысқы ғажайып" іс-шаралар жоспары бойынша №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 1-4 сынып оқушылары өз қолдарымен аяз атаға ақ тілек армандарын жазып, ашық хаттарын жасады. "Аяз атаға ашық хат" жаңа жылдық байқауы онлайн ретінде өткізілді. Байқауға оқушылар қызыға қатысып, өздерінің арман тілектерін жеткізді.Оқушылардың пандемияға қарсы Аяз атаға деген сағыныштарын осы хат арқылы жеткізе білді.