16
ақпан
2021
Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, кәсіби сауаттылығын қалыптастыру
2021жылдың 16 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 11сынып білім алушыларының кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, кәсіби сауаттылығын қалыптастыру мақсатында кәсіби бағдар беру бағыты бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Еуразиялық технологиялық университетіннен 2 курс студенттері келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Олар осы университеттердің артықшылықтарымен және мүмкіндіктерімен таныстырды. Және Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұжымы атынан, жастар арасында университет тарапынан жүргізілген кәсіби бағдар жұмыстарына көрсеткен көмегі үшін мектеп басшысы Койшиманова Нурила Сейсембайқызы алғыс хатпен марапатталды.