09
ақпан
2021
Ақтөбе қаласындағы Т. Бигельдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының 1-курс курсанты Бақыт Ернұрмен сұхбат
2021жылдың 9 - ақпанында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында білім беру үдерісінде жасөспірімдер арасында жағымсыз көріністердің, құқық бұзушылықтың алдын алу және білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсатында 10 сынып білім алушыларының қатысуымен кеңейтілген ата-аналар жиналысы өткізілді . Мектеп директоры Н. Койшиманова ата - аналарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша қатаң бақылау, баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру, еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға кеңестер беріп өтті. Сондай-ақ, мектеп түлегі, Ақтөбе қаласындағы Т. Бигельдинов атындағы әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының 1-курс курсанты Бақыт Ернұр, өзі оқып жатқан оқу орны туралы мағлұматтар айтып, білім алушыларға әскери әуе мамандығы туралы кеңінен ақпарат беріп өтті.