17
ақпан
2021
Алғашқы жәрдем көрсету
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында ағымдағы жылдың 17 ақпан күні медициналық қызметкер Ж. Тоқтағұл мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова техникалық кіші қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 08.10.2020ж. #118/2020 бұйрығымен бекітілген дәрі қобдишасының құрамымен таныстырды. Алғашқы жәрдем көрсету бойынша дәрі қобдишасы құрамы адам жай - күйінің күрт нашарлауының үйреншік жағдайын ескере отырып жасалған. Мұнда дәрілік заттар, сондай - ақ таңу материалдары қосылған, олардың көмегімен жедел жәрдем бригадасы келгенше шұғыл көмек көрсетуге болатынын айтты. Заңнамаға сәйкес дәрі қобдишасындағы медикаменттер тізімімен таныстырып, әр оқу бөлмесінде шартты түрде болу қажеттілігі түсіндірілді.

