11
ақпан
2021
"Осал мектептердің жұмысын үйлестіру, әдістемелік қолдау көрсету"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің ағымдағы жылдың 26 - қаңтар күнгі "Осал мектептердің жұмысын үйлестіру, әдістемелік қолдау көрсету" №21 Н/Қ бұйрығы негізінде мектепке бекітілген №23 Тескентоған жалпы білім беретін мектеп директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Амирова мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Абдрасилов 11.02.2021ж. №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының әкімшілігімен сұхбаттасып, кездесті. Мекеме басшысы Н.Койшиманова жоғарыда аталған әріптестерді білім беру ісіндегі мектептің өзіне тән мазмұнын және оқу - тәрбие үрдісінің ұйымдастырылу ерекшеліктерін сипаттайтын нормативтік басқару құжаттарымен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.