Іс-шаралар » Страница 50 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Страница 50
«Сыйлыққа кітап» атты кітапханаға ерікті түрде көркем әдебиет өткізу акциясы
06
желтоқсан
2021
«Сыйлыққа кітап» атты кітапханаға ерікті түрде көркем әдебиет өткізу
6.12.2021ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназия  кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру, кітапхана қорын толықтыру  мақсатында «Сыйлыққа кітап» атты кітапханаға ерікті түрде көркем әдебиет өткізу акциясы ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқумен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі.Бұл рухани акцияға үн қосу шеңберінде мектебіміздің білім
"Менің сүйікті ертегім" тақырыбында үздік оқырман
06
желтоқсан
2021
"Менің сүйікті ертегім" тақырыбында үздік оқырман
№5 Ақарал ЖОББМГ бастауыш сынып мұғалімі И.Насипбекова 3 - 4 сынып білім алушыларымен "Менің сүйікті ертегім" тақырыбында үздік оқырман атты іс-шара өтті. Мақсаты білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын дамыту. Іс-шара барысында білім алушылар өздеріне ұнаған ертегіні оқып, өз ойларымен бөлісті. Білім алушылар  оқыған ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді ажыратып, рөлмен сомдап, іс - қимылдарын көрсете білді. Жауапты: И.Насипбекова
"Қазіргі қазақ қызы қандайсың?" тақырыбында дебат ойыны
04
желтоқсан
2021
"Қазіргі қазақ қызы қандайсың?" тақырыбында дебат ойыны
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында тәрбие жоспарына сәйкес халықтық тәлім - тәрбие негізінде қазіргі қазақ қыздарының бойында жан сұлулығын қалыптастыру жолдарын көрсету, адамгершілікке үндеу мақсатында 04.12.2021 жылы "Қазіргі қазақ қызы қандайсың?" тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Ойын қарары: "Қазіргіге қарағанда бұрынғы қазақ қызы тәрбиесінің қоғамға пайдасы көп" деген тақырыпта өрбіді. Дебатқа 9 сынып білім алушыларынан құралған 2 топ қатысты. Ойын барысында
5-11 мектеп оқушылары арасында дойбы жарысы
04
желтоқсан
2021
5-11 мектеп оқушылары арасында дойбы жарысы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 4 желтоқсан күні 5-11 мектеп оқушылары арасында дойбыдан жарыс өткізілді. Жарыс өскелен ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстанып, өз денсаулықтарын нығайту мақсатында жүргізілді. Осы жарысқа қатысып, өзінің шапшандығымен, есепке жүйріктігімен көзге түсіп  мектебіміздің ұлдар арасынан 11"А" сынып оқушысы Білдебай Абылқайр 1 орынға ие болса, 2-орынды 5"А" сынып оқушысы Ерболатұлы Бағылан
"Бәрін білгім келеді" атты ғылыми жобалар шеруі
04
желтоқсан
2021
"Бәрін білгім келеді" атты ғылыми жобалар шеруі
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында әдістемелік кеңес жоспары аясында бастауыш сыныптар арасында  білім алушылардың зерттеу қызметінің дағдыларын  дамыту, интеллектуалдық - шығармашылық әлеуетін ынталандыру, қабілетті мен дарындыларды анықтау мақсатында "Бәрін білгім келеді" атты ғылыми жобалар шеруі өткізілді. Мектеп директоры Н.Койшиманова зерттеу жұмыстарды теориялық, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болатынын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жас
"Ақбұлақ" шаңырағының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс- шара
30
қараша
2021
"Ақбұлақ" шаңырағының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс- шара
30.11.2021ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында өткізілген 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған "Елін сүйген - Елбасы" атты салтанатты мерекелік іс- шарада мектеп- гимназия директоры Н.Койшиманова мерекемен барша ұстаздарды, білім алушыларды құттықтап, сөз сөйледі. "Ақбұлақ" шаңырағының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік іс- шарада Н.Назарбаевтың балалық шағынан бастап, қазіргі күнге дейінгі жеткен жетістіктері паш етіліп,ән- биге ұласты.
«Робосумо, Кегельринг, Сызық бойымен» бағыттары бойынша «Жас роботшылар» жарысы
29
қараша
2021
«Робосумо, Кегельринг, Сызық бойымен» бағыттары бойынша «Жас
2021 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай білім алушылар арасында роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында «Робосумо, Кегельринг, Сызық бойымен» бағыттары бойынша «Жас роботшылар» жарысы өткізілді. Жарысқа 9-12 жас аралындағы білім алушылар «Робосумо», Кегельринг, «Сызық бойымен» бағыты бойынша қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша «Робосумо» бағыты бойынша Қазбек Алихан І орын, Күмісбек
"Өмірім-менің тамаша!" тақырыбындағы сурет байқауы
27
қараша
2021
"Өмірім-менің тамаша!" тақырыбындағы сурет байқауы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қараша айында оқушыларының психологиялык жағдайын нығайтуға бағытталған айлық барысында білімалушыларға "Өмірім-менің тамаша!" тақырыбында суреттер салды. Мектеп психологтары: Р.Молдобекова, Ж.Черембаева.
«Халық қаһарманы»  Ғазиз Байтасовты еске алу кеші
26
қараша
2021
«Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовты еске алу кеші
№5 Ақарал  жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  26 қараша күні Жамбыл облысы ІІД жол полициясы жеке батальонының 1- взвод командирі, полиция капитаны  «Халық қаһарманы»  Ғазиз Байтасовты еске алу кеші  өтті. Бұл кеште  2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында қауіпті ланкес қылмыскер,  қанды қол қарақшыны  жол полициясының қызметкері өз өмірінің құнымен тоқтатқаны туралы еске алынып, минуттық үнсіздік жарияланып, білім алушыларға  батырдың ерлігі  туралы мәліметтер беріліп,
"Маған өмір қымбат!" тақырыбында сынып сағаттары
26
қараша
2021
"Маған өмір қымбат!" тақырыбында сынып сағаттары
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында қараша айында білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған айлығы өткізілді. Айлық барысында 10 сынып жетекшілері Г. Наушабаева, А. Бабалиева білім алушыларымен өмірдің  құндылығын түсіндіре отырып, оны мәнді де мағыналы етіп өткізе білуге, кездесетін қиыншылықтарды жеңе білуге үйрету мақсатында "Маған өмір қымбат!" тақырыбында сынып сағаттарын ұйымдастырып өткізді.