22
ақпан
2022
"Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері: бағыттары мен қалыптастыру жолдары" пікіралмасу алаңы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының әдістемелік жұмысы, шығармашылық топтың, жетекші мектептің жылдық жоспарына сәйкес көшбасшылық туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, маңыздылығын ашу, қасиеттерін арттыру мақсатында №30, 23, 16 мектептермен "Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері: бағыттары мен қалыптастыру жолдары" пікіралмасу алаңы өткізілді. Мектеп директоры Н. Койшиманова көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді қалай жоюға болатынын, кәсіби ақпаратпен тәжірибе алмасудың тиімділігін айтты. Іс-шара барысындағы коучингта №23 мектебінің мұғалімі Р. Құрманалиев көшбасшылар туылмайтыны, еңбек арқылы жасалатыны және кез - келген мақсатқа жету үшін жігерлі болу керектігін тілге тиек етті. Соңында коуч М.Бекасилова көшбасшылық стильдері туралы түсініктерін кеңейтіп, қатысушыларға тұжырымдамалық карта жасатты. Сонымен қатар, мектептегі тәлімгер мұғалімдердің тәлім алушы жас мамандармен жүргізген жұмыстарын көрсетіп, тәжірибе алмасты. Жауапты: директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова