Бастауыш сынып мұғалімі Шинар Ермаханбетованың педагог – сарапшы біліктілік санатына өтуге ұсынылған сабағы
13.11.2018ж дүниетану пәні бойынша 2 б сыныбымен «Мектеп ережелері» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың басында оқу мақсаттары мен бағалау критерийлер таныстырылды. Әр тапсырмаға нақты әрі қолжетімді дескриптор құрылған. Үй тапсырмасы «Бумеранг» әдісі арқылы тексерілді. Сабақта қолданылған «Кір жаю», «Синквейн», «Сөздер банкі» әдістері білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сай болып, қызығушылығы мен шығармашылықтарын дамыта түсті. Үш тілді саясатты қолдау барысында сабақ ағылшын тілімен кіріктіріліп өткізілді. «Коллаж» әдісі арқылы ағылшын тілінде берілген сөздерді тиісті суреттермен сәйкестендірді. Қалыптастырушы бағалаудың тиімді және үздіксіз жүргізілуінің нәтижесінде білім алушылар бағалау критерийлерін орындап, оқу мақсатына қол жеткізе білді. Нәтижесінде білім алушылар мектепте сабақ кезінде, үзілісте, асханада өзін –өзі ұстау ережелері жөнінде білімдерін толықтыра түсті.