Бастауыш сынып мұғалімі Гульбаршын Садирмекованың педагог – сарапшы біліктілік санатына өтуге ұсынылған сабағы
15.11.2018ж жаратылыстану сабағында 2 б сыныбымен «Денеге қалай күтім жасаймыз» тақырыбында сабақ өткізілді.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді «Болжау » «Таңдау » «Сәйкестендіру» «Даналық кілті» білім алушылардың ойын еркін жүйелі жеткізе отырып,бірлесе жұмыс жасауға, жауапкершілікке көп ықпал тигізеді.Топтық жұмыста топ мүшелері белсенді жұмыс жасап,өз ойларын айта білді. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізілді. Атап айтар болсам «Бас бармақ» « Бағдаршам» т.б Үш тілді саясатты қолдау барысында сабақ ағылшын тілімен кіріктіріліп өткізілді. Ағылшын пән мұғалімі білім алушыларды бүгінгі сабақтағы негізгі түйінді сөздермен таныстыра отырып, білім алушылар жеке тапсырма орындады. Оқушылар бір –бірімен мәліметтерді алмасып, зерттеу жұмысын жасады.