07
желтоқсан
2018
Бастауыш сынып мұғалімі Шинар Ермаханбетованың «Білім басы бастауышта қаланар, білімменен әлемге жол салынар» тақырыбында бастауыш сынып онкүндігінде өткен сабағы
4.12.2018 жылы 2 «Ә» сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Кешірім» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау. Сабақ барысында қолданылған «Серпілген сауал», «Коллаж», «Болжау», «РАФТ» әдістері білім алушылардың ойын жүйелі, еркін жеткізе білуге септігін тигізді. Нәтижесінде әр нәрсенің қадірін білуге, еңбек адамдарына деген құрмет, сыйластық көзқарастары қалыптасты.