23
қыркүйек
2022
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары бос лауазымдық қызметіне үміткер
2022 жылдың 22 қыркүйек күні «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде құрылған мектепке педагогтерді бос және (немесе) уақытша бос лауазымдық орындарға тағайындау жөнінде директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары қызметіне өтініш берген үміткерлерге конкурстың үшінші отырысы өткізілді.
Конкурстық комиссия төрайымы мектепте педагог лауазымға тағайындау бойынша конкурстық комиссияның мүшелерінен басқа ешқандай тәуелсіз сарапшылар, байқаушылар конкурс рәсімдеріне қатыспағанын айтты. 14.09.2022ж. бір адам қағаз түрінде бекітілген нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішін беріп, тұлғаның қолына қолхат берілгенін хабарлады. Конкурсқа ниет білдіріп, директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары бос лауазымдық қызметіне Д.Байтанаева қатысқалы тұрғанын айтты.
Конкурс барысында үміткерлердің құжаттары тексеріліп, педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы бойынша баллдық жүйесі есептелінді.
Конкурстық комиссия мүшелері:
Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары бос лауазымдық қызметіне үміткер Байтанаева Динара Мырзабековна Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын 30.06.2005ж. аяқтап, бүгінгі күнге дейін әр түрлі лауазымдық қызметтер атқарған, Динара Мырзабековнаның пәндік дайындық сертификаттары мен Алғыс хаттары, дайындаған шәкірттері Құрмет грамоталарының иегері екенін, сондай-ақ кәсіби-педагогикалық қауымдастық жұмысты қалай жүргізілетінін айтып өтті. Сонымен қатар, Д.Байтанаеваның директордың оқу - тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде тәжірибесі бар, іскер, шәкірттермен ұтымды қарым-қатынас, оның статусын көтеруге өзіндік үлес қоса алатын тұлға екенін көрсеткенін айтты. Комиссия мүшелері конурсқа ниет білдірген Д. Байтанаева