28
тамыз
2018
Әдістемелік кеңестің бірінші отырысы
2018 жылдың 28-тамыз айында әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес отырысында төмендегідей мәселелер қаралды:
- Әдістемелік кеңесті құру ережесімен таныстыру, әдістемелік кеңесті құру, құрамын анықтау. Әдістемелік кеңестің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту;
- Педагог қызметкерлерді мемлекеттік аттестациядан өтуін ұйымдастыру жоспары және дайындық мәселелері;
- Әдістемелік бірлестіктер құру, бірлестік жетекшілерін тағайындау, жаңа 2018-2019 оқу жылына жұмыс жоспарын құру, бекіту және бірлестік жетекшілерінің лауазымдық міндеттерімен таныстыру;
- Мұғалімдердің күнтізбелік жоспар жасауын, оның бағдарламаға сәйкестігін қарау, қолданбалы, таңдау курстардың, авторлық бағдарламаларының жоспарын қарау, талдау;
- 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру;
- Биология, химия, физика, информатика пәндерінің ағылшын тілінде оқытылатын элективті курс жоспарын бекітуге ұсыну;
- Пән кабинеттерінің оқу-әдістемелік тұрғыда жабдықталуын, жаңа оқу жылына дайындығын қадағалау, есіктерінің үш тілде рәсімделуі