18
мамыр
2023
2б сыныбында "Білім алушылардың танымдық қабілеттерін қандай белсенді әдістер арқылы арттыруға болады?" зерттеу сұрағы
18.05.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 2б сыныбында "Білім алушылардың танымдық қабілеттерін қандай белсенді әдістер арқылы арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында орыс тілі пәні мұғалімі Р. Набатова "Истории о путешестиях" тақырыбында зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруға бағытталған "Ойлан, жұптас", "Бес қадам" әдістері және саралау тапсырмалары қолданылды. " Басбармақ", "Отшашу" тәсілдері арқылы өзін- өзі және өзара бағалау жүргізілді. Сабақ соңында "Оқушы үні" тыңдалып, қорытынды шығарылды.
Топ модераторы: Ш.Ермаханбетова