09
ақпан
2023
2б сыныбында "Білім алушылардың танымдық қабілеттерін қандай белсенді әдістер арқылы арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында
09.02.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 2б сыныбында "Білім алушылардың танымдық қабілеттерін қандай белсенді әдістер арқылы арттыруға болады?" зерттеу сұрағы аясында сынып жетекшісі Н. Шаргинова қазақ тілі пәнінен "Өзіңді тексер" тақырыбында екінші зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында қолданылған "Кластер", "Кубизм", "Вагондар", "Екеуі қонақта, біреуі үйде" әдістері білім алушылардың танымдық қабілеттерін, сабаққа деген белсенділігін арттыра түсті. Сабақ "Аквариум" әдісі арқылы бекітілді. "Бағдаршам", "Отшашу" тәсілдері арқылы өзін- өзі және өзара бағалау жүргізілді. Сабақ соңында "Оқушы үні" тыңдалып, қорытынды шығарылды. Топ модераторы: Ш.Ермаханбетова