01
желтоқсан
2023
4"б" сыныбында "Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыруға болады ма?" зерттеу сұрағы аясында
01.12.2023ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 4"б" сыныбында "Тиімді әдіс - тәсілдер арқылы білім алушылардың белсенділігін арттыруға болады ма?" зерттеу сұрағы аясында зерттеу тобының мүшесі Ж.Байгунусова жаратылыстану пәнінен "Заттардың қасиеті қалай өзгереді?" тақырыбында екінші зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында білім алушылардың белсенділігін арттыруға бағытталған "Көңілді тамшылар", "Кинометафора", "Сәйкестендіру" әдістері қолданылды. "Мен-зерттеушімін" айдарында білім алушылар заттардың қасиетін өзгертетін үдерістерді анықтап, эксперименттер жасады. Сабақ барысында өзін- өзі бағалау жүргізілді. Сабақ соңында "оқушы үні" тыңдалып, кері байланыс алынды. Топ модераторы: М.Бекасилова