30
қараша
2023
«Окушылардын математикалык олимпиадалар есептерін шешу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар-практикум
Ағымдағы жылдың 30 караша күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында оқушылардың математика пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық, қабілеттерін айқындау және дамыту мақсатында «Окушылардын математикалык олимпиадалар есептерін шешу дағдыларын дамыту» тақырыбында семинар-практикум өтті.Аудандық білім бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мектептерден 30 математика пәні мұғалімдері қатысты. Білім алушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, күрделі есептерді шығаруға дағдыландыру мақсатында «Математика сабағында «Алтын сақа» олимпиадасының есептерін шешу жолдары» тақырыбында 5 «Ә» сыныппен пән мұғалімі Б.Аширбаева шеберлік сабақ көрсетті. Математика пәні мұғалімі Ж.Беделбай «Стандартты емес олимпиадалык есептерді функция қасиеттерін қолданып шешу» және «Математикадан олимпиадалык есептерді шешу жолдары» тақырыбында H.Уалиева іс-тәжірибелерімен алмасты.Математика пәні мұғалімі А.Ермекова оқушылардың стандарттық емес есептерді шығару жолдарымен танытыру, сыни ойлау, математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында «Мектепке арналған PISA -2023» ақпараттық сессия ұсынды.
Жауапты: математика, информатика әдістемелік бірлестік жетекшісі Ж.Беделбай