05
қаңтар
2024
"Бастауыш мектепте математикалық олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері" республикалық оқу-әдістемелік семинар
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" РҒПО ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, математика пәнінен олимпиада тапсырмаларын шешуде педагогтердің біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында Астана қаласында 2024 жылдың 4-5 қаңтар күндері "Бастауыш мектепте математикалық олимпиадалық және логикалық есептерді шешу тәсілдері" республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл облысынан 4 бастауыш сынып мұғалімі, оның ішінде #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Р.Бабижанова қатысты. Іс-шара барысында "Зерделі" ақыл-ой дамыту орталығының директоры Ы.Мәуіт пен математика пәні мұғалімдері "Бастау", "Алтын сақа" мен "Алтын тұғыр" олимпиадаларының ерекшеліктері мен сонда кездесетін есептердің шешу жолдарымен таныстырып, соңында барлық қатысушыларға сертификат тапсырылды.