15
қаңтар
2024
3"б" сыныбында "Математика сабағында танымдық тапсырмалар ұсыну арқылы есептеу дағдыларын қалай арттыруға болады?" зерттеу сурағы аясында
15.01.2024ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 3"б" сыныбында "Математика сабағында танымдық тапсырмалар ұсыну арқылы есептеу дағдыларын қалай арттыруға болады?" зерттеу сурағы аясында жетекшісі Н.Шаргинова математика пәнінен “"17•5, 84:4 түріндегі кестеден тыс көбейту және бөлу" тақырыбында үшінші зерттеу сабағын өткізді. Сабақ барысында оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға бағытталған "Лейс", “Сәйкестендіру", "Бургер", "Ойлан тап", “Табан ізі”, “Постер қорғау”, “Ми” әдістері қолданылды. Балалар топқа фигуралалар арқылы бөлініп, белсенді қатысқандар асықтар саны арқылы бағаланды. Сабақ соңында"Оқушы үні" тыңдалып, “Білім қоржыны” арқылы кері байланыс алынды.
Топ модераторы: Ш.Ермаханбетова