13
ақпан
2024
"Жоба әдісі - заманауи білім нәтижесіне қол жеткізу тәсілі"
13.02.2024ж. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Дара бала" жобасы мен эксперименталды алаң жұмыс жоспары негізінде мектептегі қабілеті жоғары, зерттеу саласына қызығушылығы бар және табыстарға жеткен дарынды білім алушылармен "Жоба әдісі - заманауи білім нәтижесіне қол жеткізу тәсілі" тақырыбында мектебіміздің ғылыми жетекшісі Ш.Турдалиевамен бірлесіп талдау жұмыстары жүргізілді. Жоба әдісінің негізінде балалардың когнитивтік дағдыларын дамыту, өз білімін дербес жобалау, ақпараттық кеңістікті насихаттау, сыни ойлауды дамыту мүмкіндігі қарастырылды. Жауапты: директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р.Бабижанова