05
желтоқсан
2023
«Жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында жалпы білім беру ұйымдарында «БЕСТЕРЕК» жобасы
Меркі ауданы білім бөлімінің 5.12.2023 жылғы №1732 хаты негізінде «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында жалпы білім беру ұйымдарында «БЕСТЕРЕК» жобасы енгізілді. Осыған орай әдістемелік ұсынымға сәйкес №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп медбикесі, сынып жетекшілер және педагог психологтардың бірлесіп алгоритм бойынша жұмыс жүргізуі барысы туралы семинар практикум өткізілді. Семинар практикумда мектеп психологы Р.Молдобекова «БЕСТЕРЕК» жобасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп, жоба аясында кабинеттік талдау жүргізу барысында талданатын критерийлерге тоқталып, тізімдердің сапалы толтырылуы туралы түсіндірді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде далалық зерттеу қорытындылары жиынтық кестеге енгізіліп «қызыл», «жасыл», «сары» қауіп деңгейі бойынша тәуекел тобына іріктелетіні туралы ақпарат берді.