15
қараша
2022
6-11 сынып білім алушылары арасында "Нашақорлық және зиянды заттар" тақырыбында дәріс
14 қараша күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының алдын алу" айлығы аясында жасөспірімдер арасында нашақорлық пен зиянды заттардың алдын алу мақсатында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев 6-11 сынып білім алушылары арасында "Нашақорлық және зиянды заттар" тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында жасөспірімдерге салауатты өмір салты дағдыларын насихаттап, есірткі заттардың адам ағзасына кері әсері мен қауіптілігі туралы түсіндірді.