08
сәуір
2022
"Нашақорлық-ғасыр дерті" тақырыбында дөңгелек үстел
8 сәуір күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының алдын алу" айлығы аясында 9-10 сынып білім алушылары арасында "Нашақорлық-ғасыр дерті" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары Ғ. Айтбаев білім алушыларға салауатты өмір салты дағдыларын насихаттап, есірткі заттардың адам ағзасына кері әсері мен қауіптілігі туралы түсіндірді.