23
ақпан
2024
Аудандық білім бөлімінің жоспарына және эксперименталды алаң жұмысына сәйкес тарихшы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ аясында семинар
#5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 23.02.2024 ж аудандық білім бөлімінің жоспарына және эксперименталды алаң жұмысына сәйкес тарихшы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында АШЫҚ ЕСІК КҮНІ аясында семинар өткізілді!!!
Мектебіміздің тарих пәнінің ұстазы, педагог-шебер Ғ. Қасымов “Тарих сабағында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану” бойынша коучинг өткізіп, жас мамандарға ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ-НӘТИЖЕЛІ САБАҚ! боларын түсіндіріп берді.
Педагог-сарапшы мұғалім А.Джадраев 6 “А” сыныбымен “Ақ Орда” тақырыбында тиімді әдіс-тәсілдерді: “Колесо Фортуны”, “Wordwall”, “Фонарик”, “Сәйкестендіру”
”БББ” қолданып, жүйелі нақты сабақтың мақсат-міндеттеріне жете білген сабақ өте алды.
Жоспарға сай жас-маман ұстазымыз, педагог-модератор Б.Смайыл ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары тарих және ағылшын тілі жас маман ұстаздармен “Quiz ui” атты зияткерлік сайысын өткізді. Тартысқа толы сайыста командалар “Беташар”, “Сүгірет”, “Тыңда”, “Бәс тік” тақырыптары бойынша 4 кезеңде бақ сынады. Эрудуция мен логикаға толы бәйгеде алға басып озған “Ақ Орда” командасы жеңімпаз атанды, екінші дәрежелі дипломмен “Білгірлер” , үшінші орын “Happy” командаларына бұйырды.
Семинарды қорытындылау мақсатында жас мамандардан кері байланыс “Телефон” әдісі арқылы алынды.