13
наурыз
2024
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасын түсіндіру бойынша кезектен тыс педагогикалық кеңес
2024 жылдың 13 наурыз күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының жобасын түсіндіру бойынша кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында мектеп директоры Конкабаев Ниеткали Абдимомынович педагогтарды аттестаттау бойынша жаңа жобадағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.