21
тамыз
2023
Конкабаев Ниеткали Абдимомынович

1997 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің география және туризм мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы №9 В.Савва атындағы мектепте география пәні мұғалімі ретінде бастаған.
2005-2008 жылдары аралығында №39 жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі жұмысын атқарған.
2008 - 2009 оқу жылында №20 Т.Рыскулов атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымында болды.
2009-2011 жылдары аралығында №22 жалпы білім беретін мектеп директоры, 2011 жылы қыркүйек айынан бастап №44 орта мектебіне мектеп директоры қызметін атқарды.
2011 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ІV «Зерде» логикалық олимпиадасында үздік білім көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталған.
2015 жылы «2015 жылдың Үздік жұмыс берушісі» марапатына ие болған.
2018 жылы «Табысты менеджер - 2018» облыстық байқауында ІІ дәрежелі диплом иегері.
2019 жылы Республикалық «География» пәні бойынша Дарын онлайн олимпиадасында ІІІ
орын жеңімпазы.
2020 жылы Республикалық «География» пәні бойынша Педстарт олимпиадасында ІІ-орын
иегері.
2021 жылы облыстық Кәсіподақ орталығының Құрмет грамотасымен марапатталған.
2022 жылы «2022 жылдың «Үздік жұмыс беруші» марапатына ие болған.