15
сәуір
2024
«Сабақ Time» жобасы – іс-тәжірибе алмасу алаңы
«Сабақ Time» жобасы – іс-тәжірибе алмасу алаңы.
Тараз қаласы №48 орта білім беретін мектеп базасында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен бастауыш сыныптарындағы пәндерді оқытуда педагогтердің пәндік құзіреттіліктерін арттыра отырып, іс-тәжірибе алмасу мақсатында өткен «Сабақ Time» жобасы аясында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Мөлдір Амантайқызы 3 сыныпта қазақ тілі пәнінен «Сан есім" тақырыбында сабақ көрсетіп, әріптестері арасында өз іс-тәжірибесімен бөлісті.