27
қаңтар
2026
Кәсіби кеңес беру семинары
27.01.2026ж N5 Ақарал Жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Жас жалын- кәсіби тұлғалы" жас мамандар мектебінің жылдық жоспарына сәйкес жас мамандардың алғашқы кәсіби тәжірибесін жеңілдету, олардың педагогикалық дағдыларын дамыту және эмоционалды тұрақтылығын қолдау мақсатында кәсіби кеңес беру семинары өткізілді. Семинар жас мамандарға бағыт-бағдар беріп, кәсіби ортаға бейімделуіне көмектесті.
Қатысушылар кәсіби ортаға сенімді бейімделіп, тәжірибелі мамандардан кеңес алды. Семинар соңында жас мамандар өз жұмысында қолдана алатын нақты әдістемелік ұсыныстар мен психологиялық қолдау тәсілдерін меңгерді.
Жауапты: жас мамандар жетекшісі А.Имангалиева