16
наурыз
2026
«Білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында оқу-әдістемелік конференция
16.03.2026ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында шығармашыл топ жұмысының және "Digital Ai-Teacher 5 school" жобасы аясында "Білім беруде цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтердің тиімді әдістері" шебер, зерттеуші және магистрлердің инновация мен педагогтердің тәжірибе алаңы жұмысы негізінде «Білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында оқу-әдістемелік конференция өткізілді. ДҒӘЖО Р.Бабижанова мен Ш.Ермаханбетова оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, олардың бойындағы шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін ашудың тиімді әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Іс-шара барысында білім алушылардың зияткерлік, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру, сабақ үрдісіне инновациялық технологияларды мен ЖИ мүмкіндіктерін қолдану, оқушының өзіндік ізденісін ынталандыру мақсытында Н. Ермекқызы "V2-AI-F моделі" және Н. Жақыпжан "Білім алушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы математика сабағындағы білім сапасын ЖИ арқылы арттыру" тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.