28
мамыр
2026
5-10 сынып оқушыларының аралық аттестаттау емтиханы
2026 жылдың 26 мамыр күні мектепте 5–8 сынып оқушыларынан, 28 мамыр күні 10 сынып оқушыларынан аралық аттестаттау емтиханы ұйымдастырылып өткізілді. Емтихан жұмыстары бекітілген кесте мен талаптарға сәйкес жүргізілді. Аттестаттау барысында оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі, теориялық білімдері мен практикалық дағдылары тексерілді. Емтихан өткізу кезінде академиялық адалдық қағидалары сақталып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалды. Емтиханға қатысқан білім алушылар белсенділік танытып, өз білім деңгейлерін көрсете білді. Аралық аттестаттау нәтижелері оқушылардың білім сапасын анықтауға және келесі оқу жылына дайындық жұмыстарын жоспарлауға мүмкіндік береді.