24
ақпан
2021
"Үштік қадам" жобасы аясында және жетекші мектеп
24.02.2021ж №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Үштік қадам" жобасы аясында және жетекші мектеп ретіндегі жоспарға сәйкес мектепалды даярлық педагогы Айхожаева Камшат Шаймаханбетовна "Әлеумет" саласы бойынша "Мамандықтар әлемінде" тақырыбындағы оқу қызметін көрсетті. Білім алушылар оқу қызметінде aktivlnspire қызметі бойынша нетбук және интерактивті тақта арқылы "Мамандықтар құралын тап", "Қима суреттерді жинау" ойындарын қызығушылықпен орындады.Оқу қызметіне "Бөбек" бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері, №23 Тескентоған ЖББМ мектепалды даярлық педагогы қатысып, соңында директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары С.Сеитова ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша әріптестердің пікірлерін сұрай отырып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.