Әдістемелік жұмыстар » Страница 15 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
Қазақ тілі пәні бойынша5-8, 10 сыныптардағы аралық  емтихан туралы ақпараттандыру
08
қараша
2023
Қазақ тілі пәні бойынша5-8, 10 сыныптардағы аралық емтихан туралы
Қазақ тілі пәні бойынша 5-8, 10 сыныптардағы аралық   емтихан туралы ақпараттандыру Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне мектеп директорының оқу-тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары М.Алденбаеваның  ұйымдастыруымен "Қазақ тілі" пәні бойынша 5-8, 10-сыныптарда өткізілетін аралық емтихан туралы ақпарат беріліп, талқыланды.  Емтихан сұрақтарын әзірленгенде әдістемелік  ұсынымды басшылыққа алу керектігі айтылды. 
"Мектептерге арналған  PISA" халықаралық зерттеу жұмыстарына #5 Ақарал ЖОББМГ- да  арнайы құрылған кестеге сәйкес қосымша сабақтар
03
қараша
2023
"Мектептерге арналған PISA" халықаралық зерттеу жұмыстарына #5
Күзгі демалыс 30.10 - 03.11 күндері "Мектептерге арналған  PISA" халықаралық зерттеу жұмыстарына #5 Ақарал ЖОББМГ- да  арнайы құрылған кестеге сәйкес қосымша сабақтар өткізілді. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылды: "математикалық сауаттылық" (математика-А.Ермекова, Ж.Беделбай), "жаратылыстану сауаттылығы" (география-С.Айжарыков, физика-К.Калманбетова, химия-Ж.Алайдарова, биология-А.Мұрат, Г.Айтбаев) мен "оқу сауттылығы"(қазақ тілі мен
"Заманауи білім берудің мақсаты мен нәтижесі" тақырыбында аудандық семинар
02
қараша
2023
"Заманауи білім берудің мақсаты мен нәтижесі" тақырыбында аудандық
02.11.2023ж. #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында бастауыш сынып бірлестігінің аясында  бастауыш сатыда білім алушылардың білім сапасын арттыру және функционалдық сауаттылығын дамытуда мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, зерттеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында "Заманауи білім берудің мақсаты мен нәтижесі" тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Іс-шара барысында  бастауыш сынып мұғалімдері Ш.Ермаханбетова мен М.Бекасилова "Құндылықтарға негізделген білім беру"
"Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын және зияткерлік-шығармашылық  әлеуетін арттыру" тақырында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі айлығының ашылуы
01
қараша
2023
"Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын және
01.11.2023ж. N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп -гимназиясында "Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын және зияткерлік-шығармашылық  әлеуетін арттыру" тақырында бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі айлығының ашылуы өтті. Мектептегі ұстаздардың логикалық қабілетін дамыту және белсендігін арттыру үшін рөлдік тапсырмалар берілді. Бастауыш сынып білім алушыларымен викториналық сұрақтар мен белсенді қимыл - қозғалыс ойындары
«Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу» тақырыбында коучинг
18
қазан
2023
«Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу» тақырыбында коучинг
18 қазан күні  «Lesson study-ды жоспарлау, үйрету және өткізу» тақырыбында коучинг өткізілді. Коучингке 26 педагог қатысты. Коучингтің мақсаты: Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Study әдісін ұсыну. Тәжірибені жетілдіру ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын көрсету. Алдымен мұғалімдер 4 топқа бөлінді.  Әр топқа тапсырма берілді. Тапсырма бойынша мәтін таратылды. Уақыт берілді. Мәтінді жеке, жұппен,
«Әдістемелік жұмыс қызметі» тақырыбында коучинг
17
қазан
2023
«Әдістемелік жұмыс қызметі» тақырыбында коучинг
2023 жылдың 17 қазан күні аудандық «Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар отырысына аудан мектеп директорының оқу және ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.          Әдістемелік жұмысын жақсартуда  оқу-тәрбие үрдісін инновациялық нұсқада ұйымдастыру арқылы педагогтердің кәсіби деңгейін  және шеберлігін дамыту, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру мақсатында №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директордың
7-8 сыныптар арасында химия,физика,биология,география пәндерінен мектепішілік кіші олимпиада
10
қазан
2023
7-8 сыныптар арасында химия,физика,биология,география пәндерінен
Мектептің жылдық ғылыми-әдістемелік жұмысына сәйкес 10.10.2023 ж. жаратылыстану пәні бірлестігінің айлығы аясында  7-8 сыныптар арасында химия,физика,биология,география пәндерінен мектепішілік кіші олимпиада  өткізілді. Мақсаты: Жаратылыстану пәндерінен білім алушылардың танымдық қабілетін дамыту барысында жоғары деңгейдегі тапсырмалар берілді. Кіші олимпиада қорытындысы бойыншы жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, І  орын алған білім алушылар аудандық олимпиадаға қатысуға жолдама алды.
"Тарих, география сабақтарына АКТ қолданудағы инновациалық тәсілдер" тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы
29
қыркүйек
2023
"Тарих, география сабақтарына АКТ қолданудағы инновациалық тәсілдер"
29.09.2023ж Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты "Өрлеу" біліктілігін арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен өткен "Тарих, география сабақтарына АКТ қолданудағы инновациалық тәсілдер" тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына белсене қатысып, инновациялық бағыттағы іс-тәжірибесімен бөліскен үшін №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі педагог-зерттеуші С.Айжарыков Алғыс хатпен марапатталды. 
"Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру" тақырыбында  аудандық оқыту семинары
20
қыркүйек
2023
"Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау және
20.09.2023ж Асанбай Асқаров атындағы мектеп-гимназия базасында аудандық білім бөлімінің әдіскері Л.А.Абенованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшілері мен бастауыш сынып орынбасарларына арналған "Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру" тақырыбында  аудандық оқыту семинары өтті. Семинар барысында мектебіміздің бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жетекшісі Ермаханбетова Шынар Абдикеримовна коучинг өткізіп, өзінің іс-тәжірибесімен
"Жас жалын" кәсіби -тұлғалы жас мамандар мектебінің алғашқы отырысы
20
қыркүйек
2023
"Жас жалын" кәсіби -тұлғалы жас мамандар мектебінің алғашқы отырысы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  жас педагогтарға бағыт бағдар беру және әдістемелік көмек көрсету,  жас маман мектебінің жаңа құрамымен танысып, жылдық жоспарға сәйкес атқарылатын іс-шараларды талқылау мақсатында "Жас жалын" кәсіби -тұлғалы жас мамандар мектебінің алғашқы отырысы өткізілді. Жетекшісі: А.Имангалиева