15
наурыз
2022
"Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де" атты Мұхтар Әуезов ғұмырнамасы бойынша ғылыми конференция
№ 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 8-11 сынып білім алушыларымен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай "Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де" атты Мұхтар Әуезов ғұмырнамасы бойынша ғылыми конференция өтті. Конференцияда 8 сынып білім алушысы Асқар А "Дәуірдің дара тұлғасы", 9 сынып білім алушысы Қыдырбек А "Әлемге танылған - Әуезов" тақырыбында баяндамаларын ұсынды. Конференция соңында білім алушылар ақын өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ой бөлісті.