05
сәуір
2023
8 "Ә" сыныбында "Квадрат теңсіздіктер" тақырыбында зерттеу (Lesson Study) үдерісі бойынша сабақ
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 05.04.2023 ж математика пәнінің мұғалімі Б.Аширбаева 8 "Ә" сыныбында "Квадрат теңсіздіктер" тақырыбында зерттеу (Lesson Study) үдерісі бойынша сабақ өткізді. Сабақта "Бізден сұрақ-сізден жауап" әдісі арқылы білім алушылардың өткен білімдері тексеріліп, видео көрсетілім көрсетілді. "Ойлан,ізден,тап" әдісі арқылы (топтық жұмыспен) ,"Шам жағу" әдісін (жеке жұмыс), білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында "Білгеніңмен бөліс" әдісі ( жұптық жұмыс) қолданды. Білім алушылар "Банкомат" әдісі арқылы бағаланды. Сабақ соңында "Еркін микрофон" әдісімен білім алушылардан кері байланыс алынды. Сабақ соңында оқушылардан сұхбат алынды. Топ мадераторы: Э.Жақсыбаева