16
қаңтар
2024
6 “Ә” сынып білім алушыларымен “Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы” тақырыбында ашық сабақ
#5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 16.01.2024 ж “Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих” әдістемелік бірлестігі айлығы барысында тарих пәнінің мұғалімі Б.Смайыл 6 “Ә” сынып білім алушыларымен “Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқу мақсатына сәйкес Отырар қаласын қорғаудағы қала ерлігін сипаттау бойынша сабақ мақсаттары құрастырылып, сабақ барысында бейнематериалдар көрсетіліп білім алушыларға тақырыпты толыққанды меңгеру үшін топтық “Джигсо” әдісі, “Тірек сызба” әдісі жұптық және жеке “SWOT” талдау әдістері арқылы жүргізілді. Оқушылардың сабаққа қызығушылығымен белсенді көрініс тапты. Білім алушылар өзін-өзі “Термометр” әдісімен бағалап мұғалім тарапынан дер кезінде кері байланыс беріліп отырды. Сабақ соңында “Еркін талқылау” әдісімен кері байланыс орнатты.