20
сәуір
2023
5 “Б” сыныбымен “Аттиланың жаулаушылық жорықтары” тақырыбында зерттеу сабағы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 20.04.2023 ж тарих пәнінің мұғалімі Б. Смайыл 5 “Б” сыныбымен “Аттиланың жаулаушылық жорықтары” тақырыбында зерттеу сабағы өткізілді. Сабақ барысында “Көңілді сәлемдесу” әдісі арқылы көңілді көңіл-күй сыйлаумен жағымды атмосфера орнады. Сонымен қатар сабақ барысында “Миға шабуыл” әдісі арқылы үй тапсырмасының сұрақтарына жауап беруден бастап, “Конверт” әдісі арқылы жаңа тақырыптың мәліметтері тапсырылып берілді. “Ойлан-жұптас”, “Бинго” әдістері арқылы жаңа білімді игеру мақсатында жұмыстар жүргізіліп, жеке, жұптық, топтық тапсырмалар арқылы оқушылар өздерін бағалап кері байланыс жасады.