22
сәуір
2026
“Жеке қозғалыс белсенділігі” тақырыбында ашық сабақ
22.04.2026ж көркем еңбек, дене шынықтыру, АӘД және музыка пәні әдістемелік бірлестігінің айлығы аясында 1 “А”сынып білім алушыларымен дене шынықтыру пәні мұғалімі Е. Бошкулов “Жеке қозғалыс белсенділігі” тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында оқушыларға пән мұғалімі дене белседілігін дамытатын «Кім жылдам?», «Допты жеткіз», «Кедергіден өт» сияқты қимылды ойындар ұйымдастырып, қозғалыс белсенділігін арттыратын жаттығулар ұсынды.Жаттығулар барысында оқушылардың белсенділігі, жылдамдығы
артып, ойын арқылы дене жаттығуларына қызығушылықтары артты.