23
тамыз
2022
Ата-аналар жиналысы
Отбасы – адам өмірінде кездесетін бағалы құндылықтың бірі. Жер жаһанда жанұясынан жылулық, ата-анасынан махаббат, шаңырағынан шаттық іздемейтін адам жоқ-ау, сірә?
2022 жылдың 23 тамыз күні мектепте "ата-ана-мектеп-оқушы" үштік одақтың жұмысын жандандыру мақсатында "Отбасы - тәрбие басы, мектеп - жаршысы" тақырыбында алғашқы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Ата-аналар жиналысында 4 мәселе қаралды.
2022-2023 оқу жылына ата-аналар комитетін сайлау.
2021-2022 оқу жылының жылдық есебі.
2022-2023 оқу жылының мектеп ережесі.
Әр түрлі мәселелер.
Жиналыс басында 2022-2023 жаңа оқу жылына ата-аналар комитетінің (ата-аналардың ұсынуымен) төрайымы болып Ш. Жұмағұлова бір ауыздан дауыс бере отырып, сайланды. Екінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Койшиманова өткен оқу жылына есеп берді. Онда мектепте жүргізіліп жатқан ірі жобалар, Балалар жылына орай атқарылып жатқан іс-шаралар, педагогтар мен білім алушылардың жетістіктері мен ата-аналарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер туралы айтты.
Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Л.Абишева ата-аналарды мектеп ережесімен таныстырды. Жиналыс соңында әр түрлі мәселелер қаралып, жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері таныстырылды.