25
тамыз
2022
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің №1 отырысы
25.08.2015ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің №1 отырысы өткізілді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі К. Калманбетова өткен оқу жылына талдау жасап, "2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру туралы" әдістемелік нұсқау хаты бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті.Күн тәртібінде пән мұғалімдерінің күн түзбелік жоспарлары мен курс тақырыптары талқыланып,бекітуге ұсынылды.Бірлестік мүшелері химия,биология,география,физика пәндері бойынша 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктерін атап өтті.
Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі балалардың қауіпсіздігі мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту және ерекше білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып табылатындығын баса айтып түсіндірді.