24
тамыз
2022
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің №1 отырысы
24.08.2015ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің №1 отырысы өткізілді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Ш. Ермаханбетова өткен оқу жылына талдау жасап, "2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру туралы" әдістемелік нұсқау хаты бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырып өтті. Бастауыш білім берудің Үлгілік оқу жоспарындағы енгізілген өзгерістер:
- Оқу жылының ұзақтығы 1 сыныптарда 35 оқу аптасын, 2- 4 сыныптарда - 36 оқу аптасын құрайды.
- "Өзін-өзі тану" пәні Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен шығарылды.
- "Көркем еңбек" пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінді:"Еңбекке баулу" және "Бейнелеу өнері".
Алдағы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі балалардың қауіпсіздігі мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейту және ерекше білім беруге қажеттігі бар білім алушылар үшін жағдай жасау болып табылады айтылды. Сондай-ақ, отырыс барысында әр пән бойынша оқу бағдарламалары талқыланды.