21
тамыз
2021
Бастауыш әдістемелік бірлестігінің І отырысы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының Бастауыш әдістемелік бірлестігінің І отырысында "2021 - 2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатқа талдау жасалды. Отырыс барысында жаңа оқу жылында оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құжаттары таныстырылды. Сонымен қатар, 1 - сыныптарға "Әліппе", "Ана тілі", Цифрлық сауаттылық" пәндерінің енгізілуі, сабақтың ұзақтығы, білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру, қарым - қатынас мәдениеті ерекшеліктері аталып өтті. Бастауыш әдістемелік бірлестік жетекшісі Ш. Ермаханбетова